Қоғам • 23 Шілде, 2022

Есік қаласында атыс болып, екі адам зардап шекті

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында атыстан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есік қаласында атыс болып, екі адам зардап шекті

«22 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласының көшелерінде атыс болғаны жөнінде хабарлама түсті. Тексеру барысында Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 18 және 30 жастағы Есік қаласының тұрғындары түскені анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің адам өлтіруге оқталу бабы бойынша тергеліп жатыр», делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, күдіктілер іздестірілуде.