Қоғам • 25 Шілде, 2022

Қауіпсіздік мәселесі – басты назарда

927 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оқушылардың жазғы каникулы басталысымен балалардың қауіпсіздігі мәселесі алдан шығады. Ата-ана­лардың қарауынсыз түнгі уақытта серуендеп, суға шомылуға рұқсат етілмеген жер­лерді жағалап кететін жеткіншектер бар. Мұның арты қайғылы жағдайға апаратын оқиғалар аз емес.

Қауіпсіздік мәселесі – басты назарда

Жағымсыз жағдайдың алдын алу үшін Ішкі істер министрлігі жедел-алдын алу шараларын жиі ұйымдастырады. Атап айт­сақ, «Түнгі қаладағы бала­лар», «Су қоймаларындағы бала­лар­дың қауіп­сіздігі» сияқты акция­лар өткі­зілуде. Полицейлер қала­лар мен аудан көшелерінде, ойын-сауық мекемелерінде, ком­пью­­терлік клуб­тарда күшей­тіл­ген рейдтер жүр­гізіп жатыр. Бала­лардың су айдындарын­да қа­раусыз қалмауы­на да ерекше назар аударылуда. Тәртіп сақ­шылары ата-аналарға кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерімен еріп жүру керек­тігі туралы ескертуде.

Естеріңізге салсақ, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу немесе білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойын­ша ата-ана жауапкершілікке тарты­лады. Сондай-ақ кәмелетке тол­ма­ғандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болу факті­лері тіркелсе, Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодекстің 442-бабы 1-бөлігі бойынша ата-аналар жаза­ланып, Кодекстің 132-бабы бо­йынша кәсіпкерлік субъектілері жауапқа тартылады.

Белгілі болғандай, ойын-сауық мекемесіне келушінің жасын сол мекеменің қызметкері анықтауы керек. Келушінің жасына қатысты қандай да бір күмән туындаған жағдайда қызметкер келушінің жасын жеке куәлігін көрсету арқылы дәлелдеуді талап етуге құқылы.

«Су қоймаларындағы бала­лар­дың қауіпсіздігі» акциясы шеңбе­рінде полицейлер көпшілік демалатын орындарды, су қоймаларын және жағажайларды аралап, арнайы ескерту парақшаларын таратып, судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді. Мұнымен мәселе ше­шіле қоймас. Кез келген ата-ана бала­ның жазғы кезеңдегі қауіп­сіздігі туралы ұмытпауы керек. Сон­дай-ақ ата-аналар кәмелетке тол­маған адам түнде көшеде жүр­генде қылмыстың объектісі немесе субъектісі бола алатынын ұғынуға тиіс. Яғни оны тонап, ұрып-соғуы немесе өзі де қандай да бір құқық бұзушылық жасауы мүмкін.

Заңды өкілдерінің еріп жүруін­сіз балалар мен жасөспірімдер ойын-сауық мекемелерінде тек сағат 22.00-ге дейін, ал көшеде сағат 23.00-ге дейін болуға рұқ­сат етіледі. Рейдтер бау-бақ­ша, фер­­мерлік алқаптар, шаруа қожа­лықтары, үйлер­дің жертө­ле­лері, темір жол және автобус вок­зал­дарында да жүргізіліп жат­қа­нын атап өткен жөн. Көп жағ­дайда еңбек шарттары жасалмай, бала­лар еңбегін заңсыз пайдалану фак­тілері тіркелетін көрінеді.