Ауыр атлетика • 25 Шілде, 2022

Қазақстандық ауыр атлеттер тағы бес медаль жеңіп алды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының соңғы күндерінде қазақстандық спортшылар әртүрлі дәрежеде сынға түсіп, бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық ауыр атлеттер тағы бес медаль жеңіп алды

102 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында қазақстандық Никита Абдрахмановқа тең келер ешкім болған жоқ. Спортшы 354 келіні еңсере алды (158+196).

Қазақстан құрамасының қоржыны төрт қола жүлдемен толықты. Аталған медальдарды Қыпшақбай Динара (81 келіге дейін), Сары Санжар (102 келіден жоғары), Клим Басаргин (89 келіге дейін) және Егор Шерер (81 келіге дейін) жеңіп алды.

Айта кетсек, Егор Шерер 81 келіге дейінгі Азия чемпионатында үздік үштікке енді.