Ауа райы • 26 Шілде, 2022

Бірқатар өңірде аптап ыстық болады

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірқатар өңірде аптап ыстық болады

Мамандардың деректеріне сәйкес, Қазақстанның батыс жартысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрып, нөсерлетеді.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Республика бойынша желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Қазақстанның шығыс жартысында күн жауын-шашынсыз болады. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында қатты ыстық болады.

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының батысы мен оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында өте қатты ыстық сақталады.