Қоғам • 26 Шілде, 2022

Әлемде мұнай бағасы қымбаттады

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері бір күн бұрын 1,9 пайызға, кейін тағы 0,4 пайызға өсіп, барреліне 105,6 доллар болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемде мұнай бағасы қымбаттады

АҚШ-тың Батыс Техас мұнайының (WTI) қыркүйектегі фьючерстері де барреліне 0,4 пайызға өсті.

Дүйсенбіде «Газпром» Германияға «Солтүстік ағын - 1» құбыры арқылы мұнай жеткізуді 20 пайызға дейін төмендейтінін мәлімдеді.

Reuters агенттігі мәліметінше, Ресейдің мұнай жеткізуді бұлай қысқарту ЕО елдеріне табиғи газды қысқа мерзімде жеткізу жоспарын орындауға кедергі келтіруі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы құбылып тұр

Қаржы • Бүгін, 16:44