Медицина • 26 Шілде, 2022

Варикозды емдеудің жаңа тәсілі пайда болды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ПІБ Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасында алғаш рет аяқ тамырларының түйнеліп кеңеюіне радиожиіліктегі абляция жүргізілді. Оны Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының хирургиялық қызметінің басшысы Берік Қайкенов жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Варикозды емдеудің жаңа тәсілі пайда болды

Бұл заманауи операцияның басты артықшылығы – аз инвазивтілігі, интрадюсердің тесуімен қиындық туғызған көктамырға бергіштің жетуі және оның ішінен сәуле жіберілуі. Хирургтер бұл процесті шағын толқынды пештің жұмысымен салыстырады. Өйткені дәл сондай жылудың әсері, тек қана бергіш арқылы болады.

«Бұл бір күндік хирургия. Пациент операцияға таңертең келеді. Ал кешке үйіне өз аяғымен қайтады. Оған жергілікті анестезия жүргізіледі. Бұрын мұндай науқастардың аяғын кесіп, көктамырын алып тастайтын еді. Одан кейін ұзақ уақыт бойы оңалту жүргізілетін. Енді оның бірі де жоқ, пациенттер тез қалпына келеді. Қарсы көрсетілімдері де өте аз. Төрт жыл ішінде біз осындай ондаған операция жасадық және аурулардың қайталануын көрдік, асқынулар ешкімде болмады», деп әңгімеледі Берік Қайкенов.

Варикоз проблемасы Қазақстанда өте өзекті, көбінесе одан көпбалалы аналар мен егде адамдар бейнет шегеді. Жаңа операция олардың өмірін әжептәуір жақсартады. Еуропа мен АҚШ-та радиожиіліктегі абляция жиі жасалғанмен, біздің елімізде оны сирек жасайды. Ол мамандар мен жабдықтардың аздығымен түсіндіріледі. Аталған операция енді ҚР ПІБ Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасында жасалады.