Тағайындау • 27 Шілде, 2022

Жеті облысқа жаңа прокурор тағайындалды

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жеті облысқа жаңа прокурор тағайындалды

«Мемлекет басшысымен келісе отырып, Бас прокурордың бұйрығы бойынша бірқатар облыстың прокурорлары тағайындалды», делінген хабарламада.

Жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев тағайындалды.

Абай облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерлан Масғұтұлы Абаев басқарады.

Аға әділет кеңесшісі Мадияр Бекенұлы Басшыбаев Жетісу облысының прокуроры болып тағайындалды.

Серік Рысқалиұлы Шалабаев Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.

Ақтөбе облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов болды.

Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттуков тағайындалды.

Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.