Қоғам • 27 Шілде, 2022

Қызылордада ойын бизнесін ұйымдастырғандарға айыппұл салынды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлғаларға қатысты үкім шығарылып, біреуіне 200 АЕК (636 000 теңге), екіншісіне - 1000 АЕК (3 180 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада ойын бизнесін ұйымдастырғандарға айыппұл салынды

Ойын кеңселерінің заңсыз қызметі туралы іс Қызылорда облысы бойынша ҚМА департаментінде тергелді.

О.Н.Цой есімді азамат ойын мекемесінің қызметін ұйымдастырған. Ол Заңмен белгіленген орындардан тыс жерде құмар ойындар өткізіп, пайдаға кенеліп отырған. Цой букмекерлік кеңсенің атынан үй-жайды жалға алып, ішіне 9 компьютер орнатқан.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, орнатылған бағдарламалар арқылы онлайн ойын сайттарын іске қосуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, ол үш адамды қызмет көрсететін персонал ретінде жалдағаны анықталды», делінген агенттік хабарламасында.

Екінші сотталушы Қ.Наурызбаев пәтерді жалға алып, «электрондық рулетка» арнайы ойын жабдықтарын қойған.

Сотталушылардың екеуіне де айыппұл төлеу үшін бір ай мерзім белгіленген. Айыппұлдан жалтару жағдайында өтем мәжбүрлеу тәртібімен жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03