Коронавирус • 27 Шілде, 2022

COVID-19: Оңтүстік Кореяда бір күнде 25 адам қайтыс болды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяда соңғы үш айда COVID-19 жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

COVID-19: Оңтүстік Кореяда бір күнде 25 адам қайтыс болды

Фото: Chung Sung-Jun / Getty Images

Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің мәліметі бойынша, өткен тәулікте елде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 100 285 адам тіркеліп, 25 адам қайтыс болған. 

Бұл 20 сәуірден бері COVID-19 жұқтырғандардың ең жоғары саны. Ол кезде күніне 111 291 жаңа дерек тіркеліп отырған еді. 

Айта кетсек, елдегі денсаулық сақтау органдары COVID-19 жаңа жағдайларының саны әлі де көбейеді деп болжап отыр.