Қазақстан • 28 Шілде, 2022

Елімізде тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізіміне қосымша әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Атап айтқанда, мерекелік күндер тізбесін келесідей толықтыру жоспарлануда:

20 тамыз - Электрондық коммерция күні.

«Жобаны қабылдау Қазақстанда электрондық коммерцияның ағымдағы жағдайы мен дамуына арналған іс-шараларды жыл сайын өткізуге, «электрондық коммерция күні» аясында электрондық коммерция саласының үздік жобаларын марапаттауға мүмкіндік береді», делінген түсіндірме жазбада.

Бұдан басқа, халық арасында электрондық коммерцияны танымал ету және онлайн-сатып алуды жүзеге асыруды ынталандыру жөніндегі іс-шараларды өткізу жоспарлануда.

Оның ішінде электронды сауда алаңдары мен интернет-дүкендер арасында кеңсе тауарлары мен мектеп керек-жарақтарын жеңілдікпен сату бойынша акциялар мен онлайн жәрмеңкелер ұйымдастыру, бұл бірінші кезекте ата-аналарға (оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына) балаларды жаңа оқу жылына төмендетілген бағамен дайындауға мүмкіндік береді.

ИСМ-нің пікірінше, барлығы бірге электрондық коммерцияның дамуына айтарлықтай серпін береді, нәтижесінде бұл стратегиялық көрсеткішке қол жеткізуге әкеледі.