Футбол • 28 Шілде, 2022

Бүгін елордалық «Астана» Польшаның «Ракув» командасын қабылдайды

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін UEFA Конференция лигасында қазақстандық клубтардың қатысуымен үш ойын өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін елордалық «Астана» Польшаның «Ракув» командасын қабылдайды

Елордалық «Астана» сағат 21.00-де Нұр-Сұлтан қаласында Польшаның «Ракув» командасын қабылдайды. Кездесу барысында чехиялық Томаш Клима бас төреші қызметін атқарады. оған отандастары Иво Надворник пен Лукаш Махац көмекшілік жасйды. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі Ладислав Шикшай.

Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал сағат 22.00-де Венгрияда «Кишварда» Алматының «Қайрат» командасымен жасыл алаңға шығады. Кездесуге бас төреші ретінде кипрлік Крисовалантис Теули белгіленген. Көмекшілері - сол елден келген Микаэль Сотериу пен Павлос Георгиу. Төртінші төреші де кипрлік Георгиос Николау.

Ойын «Астана» мен «Ракув» кездесуі біткеннен кейін «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Сондай-ақ 28 шілдеден 29 шілдеге қараған түні сағат 00.30-да Хорватияда «Осиек» пен «Кызылжар» ойнайды, оған грекиялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады.

Алаң төрінде Анастасиоса Папапетру қызмет етсе, оған Трифон Петропулос пен Иорданис Аптосоглу, көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де грекиялық Андреас Гамарис.

Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.