Экономика • 28 Шілде, 2022

Доллар арзандады

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Доллар арзандады

Күндізгі сауда қортындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,20 теңгеге төмендеп, 478,78 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 28 ​​шілдедегі ресми бағамы - 480,16 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 478,88 теңге, сату – 483,15 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,45 теңгеден сатып алынып, 480,54 теңгеден сатылып жатыр.