Қоғам • 28 Шілде, 2022

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы өсті

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтары бір айда 613,7 млрд теңгеге немесе 4,8%-ға ұлғайып, 13 384,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы өсті

«2022 жылдың маусым айында зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза табыс 505,4 миллиард теңгеге, 2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 7 246,6 миллиард теңгеге дейін артты», делінген хабарламада.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 10,9 миллион шотты құрады.

Маусым айында зейнетақы төлемдерінің сомасы 36,7 миллиард теңгені құрады.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары мен ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 42,6% және 21,4%) құрайды.