Қоғам • 29 Шілде, 2022

Қостанайда субсидия қаражатын жымқырғандар сотталды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы субсидиялары түріндегі бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда субсидия қаражатын жымқырғандар сотталды

«Айыпталушыларға коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты және басшы лауазымдарды атқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 6 жыл мерзімге айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде тағайындалды.