Қоғам • 29 Шілде, 2022

Браконьерлерден 2 284 киік мүйізі тәркіленді

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Алматы облысы аумағында 3 броконьер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

Браконьерлерден 2 284 киік мүйізі тәркіленді

«28 шілде күні сағат 15:06 шамасында Алматы облысының құқық қорғау органдары, ұлттық қауіпсіздік комитет және «Охотзоопром» мекемесінің инспекторларымен бірлескен іс-шара өткізу барысында Алматы облысы, Іле ауданының аумағында 3 браконьерді ұстады. Олар: БҚО, Алматы облысы және Қытай халық республикасының (ҚХР) тумасы. Тексеру барысында 2 284 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді», делінген хабарламада.

Белгілі болғандай броконьерлер киік мүйіздерін 26 қорапқа бөліп салған. Қазір аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.