Күрес • 30 Шілде, 2022

Дзюдодан Азия біріншілігіне қатысатын қазақстандық балуандар анықталды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада 4-7 тамыз күндері өтетін дзюдодан Азия біріншілігіне қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дзюдодан Азия біріншілігіне қатысатын қазақстандық балуандар анықталды

Құрлықтық додаға Азияның 19 елінен 200-ден астам балуан келеді деп күтілуде.

Спортшылар 14 салмақта сынға түседі. Олардың қатарында еліміздің атынан қатысатын 18 балуан бар. Ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60 келі), Бауыржан Нарбаев (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Ерлан Серікжанов (73 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін), Ислам Бозбаев (100 келіге дейін), Әділ Оразбаев (100 келіден жоғары) татами төрінде тайталасқа түседі. Ал әйелдерде Абиба Әбужакинова (48 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Гаухар Ирмагамбетова (52 келі), Севара Нишанбаева (57 келі), Прозрачная Нарынова (63 келі), Анастасия Маякова (70 келі), Аруна Жангелдина (78 келіге дейін), Камила Берликаш (78 келіден жоғары), Назгүл Маратова (78 келіден жоғары) жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, IJF ережесі бойынша, Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Олимпиадалық рейтингте ұпай сандары қосылады.

Атап айтқанда, жеңімпаз 700 ұпайды еншілесе, 2 орын иегері 490, ал 3 орынға 350 ұпайдан үлестіріледі.