Оқиға 30 шілде күні түскі сағат 15:36-да шамасында болған.
Еңбекші ауданы Тоғыс елдімекені, Керуен сарай көшесі №169 үйдің жанында «Газель» жүк көлігі өртке оранған. Ішіндегі құрылыс заттары мен көліктің құжаттары да түгелімен жанып кеткен.
«Өрт сағат 15:54-те оқшауланып, сағат 16:03-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына ТЖД 9 қызметкері мен 2 дана техникасы жұмылдырылды», делінген Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.