Спорт • 31 Шілде, 2022

Әскербек – әлем чемпионы!

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Италия астанасы – Римде 17 жасқа дейінгі балуандар ара­сын­да әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс­тың кезекті күнінде бозкілемге шық­қан 55 килодағы еркін күрес балуаны Дарын Әскербек әлем чемпионы атанды.

Әскербек – әлем чемпионы!

2005 жылы Шығыс Қа­зақ­стан облысында дүниеге келген Дарын Әскербек Рим бозкілеміндегі алғашқы айналымда өзбек­стандық Хасанбой Усмоновтан айласын асыр­са, ширек финалда армениялық Арена Серобянды жеңді. Ал жар­тылай финалда герма­ния­лық Яннис Ребгольцті жарыс жолынан ығыстырып, финалға жолдама алды.

Бас жүлде үшін өткен бел­де­суде отандасымыз аме­ри­калық Джексен Патрик Фор­рестпен шеберлік байқас­ты. Аса тартысты өткен кезде­судің алғашқы минуттарында Әскербек қарсыласынан 6 ұпаймен жеңіліп жатып, соң­ғы минуттарда тамаша әдіс жасап, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 10:11.

Айта кетейік, бұған дейін ел қоржынына грек-рим күре­сінің екі өкілі – Арсен Жұма (48 кило) мен Юсуф Ашрапов (60 кило), сондай-ақ қыздар ара­сында белдескен Алина Ер­төстік қола жүлде салған болатын.