Медицина • 01 Тамыз, 2022

«Артель» сыйлаған аппарат

681 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тыныс алуы қиындап, оттегі аппаратына таңылған сырқаттар бар. Атыраулық 6 жасар Раяна Құбышева туғаннан оттегі аппаратына тәуелділіктен әлі арылған жоқ.

«Артель» сыйлаған аппарат

Сол себептен ата-анасы оны об­лыс­тық балалар ауруханасына жиі әке­леді. Облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының өтінішімен «Артель Ин­жиниринг» компаниясы сырқат бүл­дір­шін­ге оттегі аппаратын сыйға тартты. Ресей Федерациясында шығарылған от­те­гі аппаратының құны арзан емес. Бұл аппарат шамамен 500 мың теңге тұрады. Оттегі аппаратын бес жылға дейін үздік­сіз пайдалануға болады.

– Біздің компания облыстық денсаулық бас­қармасымен бірлесіп, қайырымдылық жобаларын іске асырып келеді. Сондай мақсатпен оттегі аппаратына мұқтаж 6 жасар бүлдіршінге сый жасауды ұйғардық. Әрине, мұндай қымбат құрылғыны алуға сырқат жан­дардың бәрінің жағдайы жетпейді. Оған қоса ауруханаға жиі қатынау да қиындық тудырады. Осындай қайы­рымдылық шараларын ал­дағы уақытта тағы жалғастырамыз, – дейді «Артель Инжиниринг» компаниясының бөлім басшы­сы Алёна Сергеева.

 

Атырау облысы