Қоғам • 01 Тамыз, 2022

Жұмысқа тұруға қажетті құжаттар – арнаулы сервисте

548 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталында «Қызметкердің жеке ісі» сервисі іске қосылды. Аталған сервис жұмыс берушіге жұмысқа орналасатын қызметкер туралы мәліметтерді электронды түрде алуына мүмкіндік береді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмысқа тұруға қажетті құжаттар – арнаулы сервисте

«Қызметкердің жеке ісі» сервисінің көмегімен жұмыс беруші жұмысқа тұруға талаптанушының немесе қызметкердің келісімімен жұмысқа орналасу кезінде қажетті құжаттардың электронды пакетін сұрай алады, сондай-ақ қызметкердің басқа жұмыспен қамтылуын тексере алады. Жеке тұлғаның дербес деректерін өңдеуге келісімін үшінші тұлғаларға беру үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дербес деректерге қолжетімділікті бақылау сервисі арқылы мобильді азаматтар базасында тіркелген қызметкердің нөміріне SMS жолдау арқылы немесе hr.enbek.kz порталында ЭЦҚ көмегімен келісімге қол қою арқылы жүзеге асырылады.

Осылайша, ақысыз негізде мынадай ақпаратты алуға болады: жеке куәліктегі ақпарат; фотосуреттер; білімі туралы ақпарат; психо-наркологиялық және туберкулез диспансерлерінде есепте тұрғаны туралы ақпарат; 0/75у медициналық анықтамадан мәліметтер; еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат; вакциналау тура­лы ақпарат.

Жұмыс беруші hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталы арқылы таңдау үшін кез келген қолжетімді тегін ақпаратты сұратуға құқылы. Кадрлық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйелері бар жұмыс берушілерге Smart Bridge арқылы интеграциялау негізінде тегін қызметке қосылу мүмкіндігі беріледі.

Аталған порталда 2022 жылдың маусымында іске қосылған «Қызметкердің жеке кабинеті» сервисі құрылды. Онда өз еңбек шарттарыңызды көруге, жұмыс орнынан анықтаманы жүктеуге, сондай-ақ дербес деректерді өңдеуге келісімге қол қоюға және болашақта қашықтықтан электронды еңбек шартын жасасуға болады.

Жұмыс беруші үшін порталда еңбек шарттарын тіркеу, қарау, түзетулер мен толықтырулар енгізу, әлеуметтік демалыстарды тіркеу, кәсіпорынды ауыс­тыру және қайта ұйымдастыру, жеке істі қалыптастыру бойынша сервис функ­циялары қолжетімді, сондай-ақ ано­ним­ді түрде немесе жақын арада еңбек заң­на­масын бұзу туралы тест тапсыруға рұқсат етіледі.