Әлем • 01 Тамыз, 2022

Иран-Ауғанстан шекарасында атыс болды

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранның Систан-Белуджистан провинциясының Хирманд ауданында ирандық шекарашылар мен Талибан қозғалысының күштері арасында атыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иран-Ауғанстан шекарасында атыс болды

Оқиға Согалек ауылы маңында болған.  

Атыс болғаны туралы хабарды шекара қызметінің қолбасшысы Нимруз Мевлеви Мұхаммед Ибрахим Хивад растаған. Оның айтуынша, бірінші ирандық шекарашылар оқ атқан.

«Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам жараланды. Қақтығыс себебі әзірге белгісіз»,  деді ол. 

Айта кетсек, Ауғанстанда билікке «Талибан» келгеннен кейін Нимроз және Герат провинцияларының Иранмен шекарасында оқтын-оқтын атыс болып жүр.