Қоғам • 01 Тамыз, 2022

Шарын ұлттық паркінде браконьерлер ұсталды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 шілде күні Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторларының рейді кезінде үш браконьер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Шарын ұлттық паркінде браконьерлер ұсталды

30 шілде күні ерекше қорғалатын табиғи аймаққа Toyota Land Cruiser маркалы автокөлік кіргені анықталды.

«Инспекторлық топ автокөліктің ізі арқылы Бұғыты таулары Алмасай аймағында мемлекеттік нөмірі жоқ автокөлікті тоқтатты. Көлікті тексеру барысында мылтыққапқа салынбаған үш дана ойық ұңғылы мылтық (TIKKA T3 N-308, TIKKA T3x LITE, ВЕПР-308 ), екі дана пышақ, бір дана рация, және арнайы контейнерге салынған ет анықталды. Сонымен қатар автокөлік жанынан Сібір тау текесіне ұқсас аңның терісі табылды», деп хабарлады орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, көлікте болған үш азамат ұсталды. Олар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының және Алматы қаласының тумалары болып шықты.

Айғақ заттарға уақытша алып қою қаулысы толтырылып, Ұйғыр ауданы полиция бөліміне тапсырылды.