Білім • 01 Тамыз, 2022

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау аяқталды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігі бірінші сыныпқа түсу үшін құжаттарды қабылдау науқаны аяқталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау аяқталды

«Қазақстанда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау науқаны аяқталды. Құжаттар 1 сәуірден 1 тамызға дейін қабылданды. Осы уақыт ішінде қазақстандықтар 400 мыңға жуық өтініш берген. Балалардың 70%-дан астамы мемлекеттік тілде оқуды таңдады», делінген министрлік хабарламасында.

Білім министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова атап өткендей, оқу жылының басталуына бір ай қалды, енді мектептер оқу процесін дайындау мен ұйымдастыруға кіріседі.

«Биыл мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балалардың көбісі Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында екен. Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдаудың жоғары пайызы Қызылорда (89,6%), Ұлытау (86,6%), Маңғыстау (86,2%), Жамбыл (80,4%) облыстарында байқалады», деп қосты Гүлмира Кәрімова.

Айта кетсек, өтінімдердің 80%-ы электронды түрде берілді.