Қоғам • 01 Тамыз, 2022

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы басталды

723 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында «Мектепке жол» акциясы бастау алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы басталды

«Өткен жылы «Мектепке жол» акциясының негізінде 4 мыңнан аса балаға көмек көрсетілген еді. Бүгінде көмекке мұқтаж балалардың тізімі дайындалып жатыр», деді Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрлыбаев.

Оның айтуынша, әрбір елді мекенде, қала маңындағы саяжайларда, бөлімдерде, фермаларда «тәуекел тобындағы» балаларды анықтау үшін рейд жүргізіліп, қорытындысы бойынша тізімдер жасалады. Бұл тізім білім беру органдары мен демеушілерге беріледі.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Ғалия Әмірәліқызының айтуынша, тізімдер ата-аналардың келісімімен жасалады.

Акция аясында сенім телефондары мен қоғамдық қабылдаулардың үзіліссіз жұмысы ұйымдастырылатынын да айта кету керек.

Биыл «Мектепке жол - шекарасыз жақсылық» ұранымен өткелі отырған акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.