Ауа райы • 02 Тамыз, 2022

Тамыз айында ауа райы қандай болады

222 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тамыз айында ауа райы қандай болады

Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік өңірлеріндегі ауа райы салыстырмалы түрде салқын болады. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі.

Атмосфералық фронттардың өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр жауады: елдің шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, желдің екпіні секундына 15-25 метрге дейін күшейеді, солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Айдың басында, елдің солтүстік жартысындағы салқын ауа райы, солтүстік суық антициклонның әсерімен байланысты болады. Алайда бірінші онкүндіктің соңында суық антициклонның елден тыс жерлерге, солтүстік өңірлерге ығысуымен және оңтүстік циклонның шығуымен жылы ауа массалары шығарылады, бұл температураның көтерілуіне әкеледі. Осылайша, ауа температурасы түнде +18 +23°С, күндіз +25 +33°С-қа дейін жетеді.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бірінші онкүндік ішінде температуралық фон біртіндеп жоғарылайды деп болжанып отыр: түнде +15 +20°С-тан +20 +25°С-қа дейін, күндіз +25 +32°С-тан +33 +40°С-қа дейін.

«Айдың ортасында республиканың солтүстік жартысына қайтадан суық ауа массалары түседі, бұл ауа райының тұрақсыз болуына әкеледі. Дегенмен, суық ұзаққа созылмайды. Ауа температурасы түнде +10 +18°С-тан +18 +25°С-қа дейін, күндіз +17 +22°С-тан +25 +30°с-қа дейін ауытқиды, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасының негізгі аясы +28 +38°С болады, бірақ жекелеген күндері жылудың төмендеуі болжанып отыр. Жаздың соңғы айындағы ауа райына күз мезгілі әсер етеді», делінген хабарламада.

Арктикалық теңіздердің аудандарынан суық ауа массаларының басып кіруі, Қазақстанның басым бөлігінде температуралық фонның елеулі төмендеуіне алып келеді. Елдің солтүстік жартысында түнде ауа температурасы +2 +12°С-қа дейін, жекелеген аудандарда күндіз +15 +20°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде +10 +15°С-қа дейін, күндіз +20 +27°С-қа дейін төмендейді.