Әлем • 02 Тамыз, 2022

Иранда су тасқынынан 56 адам көз жұмды

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ирандағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 56 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz ИРНА-ға сілтеме жасап.

Иранда су тасқынынан 56 адам көз жұмды

«Су тасқынынан қайтыс болғандар саны 56 адамға жетті. Өкінішке қарай, біздің 18 азаматымыз жоғалғандар тізімінде. Біздің команда су тасқыны болған жерде іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр», деді Иран Қызыл Жарты Ай құтқару және көмек көрсету қызметінің басшысы Мехди Велипур.

Оның айтуынша, іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 3700 адам уақытша баспанамен қамтылған. 2500 адам құтқарылып, қауіпсіз ауданға көшірілген.