«Тағы бір маңызды мәселе – ол суға түсу, шомылу қауіпсіздік шаралары. Жауапты органдар бейбіт күнде азаматтарымыздың өзен-суға батып жатқанына қарап отырмау керек. Қазір шомылу маусымының қызған шағы. 1 маусымнан бері елімізде 140 адам суға кеткен, оның 49-ы бала. Өткен жылмен салыстырғанда адамдардың суға батуы 42 пайызға қысқарған. Сонда да бұл көрсеткіш өте жоғары деп санаймын», деді Ә. Смайылов.
Осы орайда Үкімет басшысы ел азаматтары балалар қауіпсіздігіне сақ болуы қажет екенін атап өтті.
«Біз қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауымыз керек. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, онда құтқарушылардың болуын бақылауды тапсырамын. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп, суға түсуге болмайтын жерлерді анық белгілеу қажет», деді Премьер-Министр.