Қоғам • 02 Тамыз, 2022

Әскердегі суицидтің бір себебі – несие

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскерилер арасындағы суицидке төленбеген несиелер де себеп болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскердегі суицидтің бір себебі – несие

«Бізге 18 жастағы жігіттер борышын өтеуге келеді. Солардың ішінде, өкінішке қарай, мойнында 9 млн теңге тұрмыстық және басқа да несиесі бар сарбаздар болды. Бұл – бір себебі. Яғни, бұдан да бөлек әлеуметтік проблемалар бар. Соның бәрі суицидтің триггері болып жатыр. Жалпылама айту қиын. Әр жағдайды жеке алып қарау керек. Әр жағдайда бір өмір қиылып жатыр. Сондықтан себебін жалпылама сипаттап айтуға болмайды», деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Вице-министр биыл тіркелген қайғылы оқиғалардың себебіне де тоқталды.

«Бізде болған 4 қайғылы жағдай туралы айтсақ, екеуі отбасындағы тұрмыстық даудан болған. Қалған екеуі бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. Сондықтан нақты мәлімет айта алмаймын», деді Дархан Ахмедиев.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28