Қазақстан • 02 Тамыз, 2022

Рим Папасы Қазақстанда қандай іс-шараларға қатысады?

1220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сыртқы істер министрлігі Рим Папасы Францисктің 13-15 қыркүйекке жоспарланған Қазақстанға мемлекеттік сапарының бағдарламасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рим Папасы Қазақстанда қандай іс-шараларға қатысады?

Сапардың бірінші күні Рим Папасының Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сондай-ақ елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері жоспарланған.

Рим-католик шіркеуінің басшысы сапарының екінші күнінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің ашылуына және пленарлық отырысына, сондай-ақ кейбір басқа дін лидерлерімен бірқатар кездесуге қатысады деп күтіліп отыр.

14 қыркүйекте Рим Папасы Франциск мыңдаған католик дінін ұстанушылар, соның ішінде Қазақстан астанасына арнайы келетіндері үшін дұға (месса) өткізеді.

Сапардың соңғы күнінде ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жабылуына және оның қорытынды декларациясының қабылдануына қатысуды, сондай-ақ Рим-католик шіркеуінің Қазақстандағы және көрші елдерден келетін дін қызметкерлерімен, монахтарымен және семинаристерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.