Аймақтар • 02 Тамыз, 2022

Көкшетауда «Qnet» қаржы пирамидасының басшылары ұсталды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда «Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдіктілер анықталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz,

Көкшетауда «Qnet» қаржы пирамидасының басшылары ұсталды

Ақмола облысы бойынша Қаржы мониторингі департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау қаласының аумағында «Qnet» халықаралық компаниясы өнімдерінің интернет-саудасын жамылып жұмыс істеген қаржы пирамидасының басшылары тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қылмыстық істі тергеу аясында күдіктілер Қылмыстық процессуалдық кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Көкшетау қалалық ПБ уақытша стау оқшаулағышына қамалды. Сонымен бірге Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктілерге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесінде жария етілмейді», делінген ведомство ақпаратында.