Спорт • 03 Тамыз, 2022

Елордада Alash Pride FC75 халықаралық турнирі өтті

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Alash Pride» промоушенінің ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен «Alash Pride FC75» халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Alash Pride FC75 халықаралық турнирі өтті

Оған алты елден келген 10 жұп қатысып, елорда төрінде керілген октагонда күш сынасты. Кештің басты жекпе-жегінде Қырғызстанның сарбазы Куштарбек Амирбекуулы мен Ресейдің дағыстандық спортшысы Рамазан Кадиев лиганың чемпиондық белбеуін сарапқа салды. Бұл жекпе-жек ұзаққа созылмады. Бірінші кезеңде-ақ дағыстандық қырғыздың «Конорын» қылқындыру әдісін қолданып, жеңіске жетті.

«Alash Pride FC» промоушенінің президенті Данияр Қасқарауовтың айтуынша, айтулы додаға алты елден келген ең мықты 10 жұп шығып, шын мықтылар жеңіске жеткен.

«Tobet Top Team» клубының бапкері Диас Қабдуов мұндай турнирлер жекпе-жекте жүрген спортшыларға өзін халықаралық аренада көрсету үшін зор мүмкіндік беретінін айтты.

Бұл кеште Рауан Бекболат, Бақдос Олжабай, Ғалымжан Қанаев, Шүкір Сағынай,  Юрий Титоренко секілді жерлестеріміз октоғанда атой салды.