Қоғам • 03 Тамыз, 2022

Күзде фермерлерге арналған дизель отыны қымбаттайды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрі Болат Ақшолақов күзде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель отыны бағасын көтеру жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күзде фермерлерге арналған дизель отыны қымбаттайды

«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отыны еш уақытта тапшы болған емес. Мен ұзақ жылдан бері осы салада жұмыс істеп келемін. Әр уақытта да ең бірінші кезекте көктемгі және күзгі жұмыстарға дизель отынының белгілі көлемін бөліп отырдық. Мұның үстіне ресурс ұстаушылармен келіссөз жүргізу арқылы оның құнын төмен бағамен береміз. Себебі елімізде дизель отынына мемлекеттік субсидия жоқ. Биыл 1 тоннасы 212 мың теңгеден болды. Күзгі кезеңде тоннасын 222 мың теңгеден белгілегіміз келеді», деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.