Спорт • 03 Тамыз, 2022

Стенд атудан Азия чемпионатында қазақстандықтар 11 медаль жеңіп алды

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда өтіп жатқан стенд атудан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 11 медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Стенд атудан Азия чемпионатында қазақстандықтар 11 медаль жеңіп алды

Олардың барлығы «трап» жаттығуынан жеңіске жетті. Жекелей сында Сәрсенкүл Рысбекова үшінші болды. Жасөспірімдер арасындағы жарыста Максим Бедарев жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Алтын медальді Анита Нұрланова жеңіп алды.

Наргиза Сарманова екінші, Анастасия Прилепина үшінші болды. Жасөспірімдер арасында командалық есепте біздің спортшылар чемпион атанды.

«Трап/микс» аралас жаттығуында Мария Дмитриенко мен Викторя Хасянов күміс медаль иеленді. Бағдарламаның бұл түрінен жасөспірімдер арасында Анастасия Прилепина мен Богдан Конченко бірінші болып, Мария Мартинкевич/Никита Моисеев дуэті «күміс» жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы командалық есепте Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді. Жасөспірімдер өз кезегінде бірінші болды.