Әлем • 03 Тамыз, 2022

Ыстықкөлде екі қазақстандық жол апатынан қаза тапты

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ыстықкөлдегі демалыстан қайтып келе жатқан екі қазақстандық жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ыстықкөлде екі қазақстандық жол апатынан қаза тапты

Қырғызстан ІІМ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бас басқармасы баспасөз қызметі мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2 тамызда сағат 15.20 шамасында Шырпықты және Тору-Айгыр ауылдары арасында болған.

«Балықшы - Ананьево - Қаракөл тасжолында Opel Zafira көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің дөңгелегі жарылған. Салдарынан 1982 және 1966 жылы туған жолаушылар оқиға орнында қаза болды. Ал жүргізуші мен 2001 жылы туған егіз түрлі жарақатпен Балықшы қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді»,  делінген ведомство хабарламасында.

Жүргізуші есін жимастан, ауруханада көз жұмған.

«Қазақстандықтар Қара-Балта қаласындағы туыстарына келген, сол жерден үш көлікпен Ыстықкөл облысына демалуға кеткен. Қайтар жолда үш көлік те колоннамен жүріп, ортасында Opel Zafira болған. Апат салдарынан көлік аударылып қалды», деді баспасөз қызметіндегілер.

Бұл дерек Ыстықкөл ауданы ішкі істер органдарына тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.