Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 мамырдағы №985 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы туралы 2009 жылғы есеп бекітілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қаражаты 2009 жылғы 31 желтоқсанға 4 500 703 126 мың теңгені құрады. Ұлттық қордың таза активтері 4 009 528 878 мың теңгені (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен) құрады.
2009 жылы Ұлттық қорға 1 378 100 414 мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) – 1 371 362 802 мың теңге, оның 467 377 170 мың теңгесі (3 329 148 мың АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Ұлттық қордың тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады, мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) – 6 083 054 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер – 654 091 мың теңге, Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер – 919 317 487 мың теңге.
Ұлттық қорды басқару мен жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты Ұлттық қордың шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 2 898 030 мың теңгеге шығыстар жүргізілді.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы” Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қарашадағы №189 Заңына сәйкес 2009 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 843 100 000 мың теңгені 843 100 000 мың теңгесі аударылды, ол жоспардың 100% құрады.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2009 жылға арналған нысаналы трансферт туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 наурыздағы №777 Жарлығына сәйкес 2009 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықтың елеулі өсу деңгейін болдырмау және дағдарыстан кейінгі тұрақты дамуға жағдай жасау үшін мақсатты трансферт түрінде жоспарланған 347 900 000 мың теңгеден 261 500 000 мың теңге аударылды, ол жылдық жоспардың 72,2%-ын құрады.
Ұлттық қордың сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойынша 2009 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 919 317 487 мың теңгені құрады.
Ұлттық қордың басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес 2009 жылға аудиторлық тексеру жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)
Баптың атауы 2009 жылы 2008 жылы
1 2 3
Активтер
Ақша және оның баламалары 200 429 000 49 161 183
Туынды қаржы құралдарын қоспағанда,
пайда немесе шығын арқылы әділ құн
бойынша ескерілетін қаржы құралдары 3 536 888 162 3 258 923 673
Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын
инвестициялар 276 814 215
Туынды қаржы құралдары 1 568 264 4 901 962
Дебиторлық берешек 2 543 1 259 171
Активтер жиыны 4 015 702 184 3 314 245 989
Міндеттемелер мен таза активтер
Туынды қаржы құралдары 1 956 773 2 466 448
Кредиторлық берешек 4 216 533 2 408 017
Міндеттемелер жиыны 6 173 306 4 874 465
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
шотына енгізілген таза активтер 4 009 528 878 3 309 371 524