Оқиға • 03 Тамыз, 2022

Ыстықкөлде 2 аптадан бері 4 жасар қыз іздестірілуде

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ыстықкөлде 4 жасар қызды іздеу жұмыстары 16-шы күн қатарынан жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ыстықкөлде 2 аптадан бері 4 жасар қыз іздестірілуде

Олардың айтуынша, іздеу жұмыстарына Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 18 құтқарушысы жұмылдырылған. 

Еске салайық, 2018 жылы туған Н.А. 18 шілде күні сағат 15:00 шамасында Шырпықты және Тору-Айғыр ауылдарының арасындағы жағажайда суға батып кеткен. 

Ведомство құтқарушылар мен сүңгуірлер іздеуге шыққанымен нәтиже жоқ екенін хабарлады. Іздеу жұмыстары бүгін де жалғасады.