Кездесуге Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният та қатысты.
Талқылау барысында Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайы, коронавирустық инфекциямен күресу үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етілгені және ДДҰ ұсынымдарын ұстанатыны атап өтілді. Қала басшысы Ерболат Досаев COVID-19 қаланың денсаулық сақтау жүйесіндегі әлсіз жерлерді ашқанын атап өтті.
«Пандемия бірінші кезекте нені жақсарту керектігін көрсетті және біз қажетті жұмыстарды жүргізуге ниеттіміз, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің (МСАК) ықпалы тұрғысынан көрсетті. Біз қаладағы жағдайды жақсартуға ниеттіміз. Ол үшін медициналық мекемелерге жөндеу және жаңғырту жүргізуді, кадрлық әлеуетті күшейтуді және ДДҰ-ның озық практикалары мен ұсынымдарын іске асыру алаңына айналдыруды жоспарлаудамыз. Келесі 2-3 жыл қалалық денсаулық сақтау жүйесін реформалау үшін өте маңызды», деді әкім.
Өз кезегінде Тедрос Гебрейесус қала басшысын қолдап, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің маңыздылығын атап өтті және Қазақстанның осы саладағы тәжірибесін жоғары бағалады (Қазақстан МСАК-тың отаны болып саналады, МСАК жөніндегі Алматы декларациясы 1978 жылғы 12 қыркүйекте қабылданды, 2015 жылы Алматыда МСАК жөніндегі ДДҰ-ның офисі ашылды).
«ДДҰ әлемге көптеген мүмкіндіктер беретін алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығына шоғырланған. Келесі жылы Нью-Йоркте медициналық сақтандырумен жалпы қамту бойынша жоғары деңгейдегі кездесу өтеді. Біз Қазақстанның өзімізбен бірге жұмыс істегенін және алғашқы медициналық-санитарлық көмек аспектілері бойынша жетекші рөл атқарғанын қалаймыз», деді Тедрос Гебрейесус.
Тараптар Алматы аумағында жұмыс істейтін ДДҰ-ның МСАК жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан өңірлік офисі аясында ынтымақтастықты күшейту туралы уағдаласты.
Қала басшысы Алматының денсаулық сақтау саласын дамыту үшін озық әлемдік тәжірибе мен үздік практиканы пайдалануға аса мүдделі екенін атап өтті.