22 Мамыр, 2010

ҚЫРҒЫЗСТАН ШЕКАРАНЫҢ АШЫЛҒАНЫНА ҚУАНЫШТЫ

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қырғызстан уақытша үкіметінің төрайымы Роза Отунбаевадан хат келіп түсті, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” агенттігі. Онда ол өз елінің атынан Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы үш бекеттің ашылып, олардағы уақытша шектеулердің алынып тасталғанына ризашылық білдірген. Хатта Қырғызстанда достас көрші мемлекет тарапы­нан жа­сал­ған бұл қадамның және осын­дай шешім қа­былдаудағы Қазақстан Президентінің саяси ерік-жігері мен парасаттылығы жоғары бағаланатыны атап өтілген. Бұл жүз мыңдаған қырғыз­стандықтар үшін маңызды да асыға күтілген шешім болғаны атап айтылған. Осы шешімнің нәтижесінде біздің елдеріміздің арасындағы сауда-экономи­ка­лық қарым-қатынас жанданып, өсе түсетін болады. Роза Отунбаеваның жазға­нын­дай, Қырғыз­стан­ның уақыт­ша үкіметі біздің туыс­тас ха­лықтары­мыз­дың игілігі жо­лында Қазақстан Респуб­лика­сы­мен одақтастық қа­рым-қаты­настар мен страте­гиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға өте құлықты болып отыр.