Медицина • 04 Тамыз, 2022

Қазақстанға жасанды дәрі-дәрмек әкеліп жүргендер анықталды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы екі жылда Қазақстанға жалған дәрі-дәрмектерді әкелу бойынша 700-ге жуық бұзушылық фактісі тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанға жасанды дәрі-дәрмек әкеліп жүргендер анықталды

«Дәрілік заттардың заңсыз айналымын бақылау шеңберінде үнемі мониторинг жүргізіледі. Соңғы екі жылда 700-ге жуық бұзушылық фактісі орын алып, дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқаны үшін 80 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қазір екі қылмыстық іс тергелуде», деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, азаматтар тарапынан жалған дәрі-дәрмек сатып алу туралы өтініштер түскен жоқ.

«Біз барлық өтініштерді немесе медициналық ұйымдарға кіретін пациенттеріміздің «сары карталарын» қадағалаймыз. Заң бойынша мұндай дәрілік препараттардың сапасы мен қауіпсіздігіне толық тексеру жүргізіліп жатыр», деп қосты министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 30 мамырда дәрілік заттарды таңбалау ережесіне өзгерістерді енгізген, бірақ ол 6 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.