Спорт • 04 Тамыз, 2022

Дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық балуандар үш медаль алды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада өтіп жатқан дзюдодан Азия біріншілігінде ел құрамасы қоржынына үш медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық балуандар үш медаль алды

Құрлықтық додада әйелдер арасында Абиба Абужакынова (48 келі) күміс медаль алды. Ол ақтық сында Вакана Когаға есе жіберіп қойды.

Сондай-ақ, ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мағжан қола жүлдегер атанды. Ол үшінші орын үшін сайыста моңғолиялық Ариунболд Энхтайванды тізе бүктірді.

Жекпе-жек барысында дерлік ол қарсыласынан бір ұпай айырмасымен жеңіліп тұрған еді. Нәтижесінде әдіс қолданып, иппонды мерзімінен бұрын жеңіп алды. Тағы бір қола медаль Ғұсман Қырғызбаевтың (66 келі) еншісіне бұйырды. Ол қырғызстандық Кубанычбеком Айбекуулумен кездесуі тиіс еді. Алған жарақатына байланысты қарсыласы татамиге шыққан жоқ.

Осылайша Ғұсман қола жүлдегер атанды.