Тағайындау • 05 Тамыз, 2022

Петропавл қаласының әкімі тағайындалды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласының әкімі болып Руслан Анбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавл қаласының әкімі тағайындалды

Бүгін Петропавл қаласының жаңа әкімінің кандидатурасын қалалық мәслихаттың 7 шақырылымы депутаттарының кезектен тыс 16 сессиясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов ұсынды. Депутаттар Руслан Анбаевтың кандидатурасын бір ауыздан қолдап дауыс берді. Руслан Анбаев өз кезегінде өңір басшысына және депутаттарға көрсетіліп отырған сенімге алғысын білдірді.

Руслан Анбаев 1978 жылы СҚО Тимирязев ауданы Целинное елді мекенінде дүниеге келген. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы - экономист-менежер, агроном және юриспруденция бакалавры. Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданында аудит бөлімінің аға салық инспекторы болып бастаған.

2002-2015 жылдар аралығында Есіл, Тайынша, Тимирязев аудандарында салық қызметінде түрлі лауазымдарды атқарды. 2015 жылдан 2019 жылға дейін СҚО әкімі апараты жетекшісінің орынбасары болды. 2019-2020 жылдары Мамлют ауданын басқарса, 2020 жылғы қазан айынан осы күнге дейін Тайынша ауданының әкімі болды.