Оқиға • 07 Тамыз, 2022

Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катаев-Естай көшелерінің қиылысында самокатпен кетіп бара жатқан баланы көлік қаққаны туралы ақпаратты куәгерлер хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.

Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті

Жедел жәрдем оқиға орнына жеті минутта жеткен. Дәрігерлер тексеруден кейін 12 жастағы баланы облыстық балалар ауруханасына жатқызды.

- Науқастың бас миының жабық жарақаты, бас миының шайқалғаны, басы, арқасы және аяғында көгерген белгілер бары анықталды. Сондай-ақ терісі сыдырылған, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы орташа дәрежеде.

Соңғы жаңалықтар

Ел ырысын еселеген еңбек ұжымы

Өндіріс • Бүгін, 08:55

Қой қоздап, қорада шу...

Еңбек • Бүгін, 08:45

Күн қуаты

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Сегіз медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 08:35

Озат оқушылар олжалы оралды

Байқау • Бүгін, 08:30