Ауа райы • 08 Тамыз, 2022

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 9, 10 және 11 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Болжам бойынша, Солтүстік антициклон сілемі, республиканың батыс жартысына әсер етеді, осылайша алдағы тәулікте мұнда негізінен құрғақ, әрі жылы ауа райы сақталады.

«Елдің солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік бөлігіне, оңтүстік циклон қуыстары мен атмосфералық фронттар әсер етеді, бұл жауын-шашынның түсуіне ықпал етеді. Осылайша елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр болады деп болжанады. Күн күркірейді, бұршақ жаууы және қатты жел соғуы мүмкін», делінген хабарламада.