Оқиға • 08 Тамыз, 2022

Оралдағы кәсіпкердің өліміне қатысты тың мәліметтер шықты

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда кәсіпкердің өліміне байланысты жаңа деректер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралдағы кәсіпкердің өліміне қатысты тың мәліметтер шықты

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпкерді өлтіруге төленбеген жалақы негізгі себеп болған.

Департамент мәліметі бойынша күдікті басқа деструктивті діни ағым бағытын ұстанған, сондай-ақ радикалдық идеяны таратқан деген деректер істе жоқ.

«Қазіргі кезде күдіктілерді ұстауға облыстың барлық полицейлері жұмылдырылған. Облыстың барлық аумағында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар көршілес облыстар, соның ішінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарына да деректер жіберілді», деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, оқиға 6 тамыз күні болды. Кәсіпкерді өлтірген күдіктілерге іздеу жарияланды.