Әлем • 08 Тамыз, 2022

Майк Тайсон Hulu компаниясын айыптады

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аңызға айналған боксшы Майк Тайсон Disney компаниясына тиесілі Hulu стримингтік сервисін өзі туралы сериал түсіру кезінде оның өмір тарихын ұрлады деп айыптады, деп жазады Egemen.kz Breitbart басылымына сілтеме жасап.

Майк Тайсон Hulu компаниясын айыптады

Donald Kravitz/Getty Images

Майк Тайсон Instagram парақшасында: «Hulu компаниясына алданып қалмаңыз. Мен олардың өзім жайлы туындысын қолдамаймын. Олар менің өмірлік оқиғамды ұрлады. Мен қарапайым қара нәсілдімін, керек десеңіз олар мені аукционға қоя алады», деп жазды. 

Ауыр салмақтағы чемпион компания мамандарының өз өмірбаянының дұрыстығына көз жеткізу үшін оған ақша төлемегеніне немесе онымен кеңеспегеніне наразы. 

Ал Hulu продюсерлері шоу Майк Тайсон туралы моральдық пайымдаулар жасамайтынын және оның өмірін шынайы оқиға ретінде көрсететінін айтып, өз жобаларын қорғап бақты. 

Айта кетсек, Майк Тайсон 2021 жылдың ақпанында Тревант Родос жайлы сериал жарияланғаннан бері Hulu компаниясына шүйлігіп келеді.