Қоғам • 08 Тамыз, 2022

Отандық әуекомпаниялар 4,5 миллионнан астам жолаушы тасымалдады

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алты айдың қорытындысы бойынша жолаушылар айналымының өсімі жалғасуда. Қазақстандық авиакомпаниялар тасымалдаған жолаушылар саны 2021 жылмен салыстырғанда 7%-ға артып, 4,6 млн адамға жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық әуекомпаниялар 4,5 миллионнан астам жолаушы тасымалдады

2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 119%-ды құрады (2020 жылғы 6 айда – 2,1 млн адам).

Жыл басынан бері отандық авиакомпаниялар халықаралық желілерде 1,2 млн адамды тасымалдады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 60%-ға артық (2021 жылғы 6 айда – 0,75 млн адам), ішкі желілерде – 3,4 млн адам тасымалданды (2021 жылғы 6 айда – 3,6 млн адам).

Air Astana-ның жолаушылар ағыны шамамен 1,8 млн жолаушыны; FlyArystan – шамамен 1,4 млн; SCAT – шамамен 1,7 млн; Qazaq Air – шамамен 238 мың жолаушыны құрады.

Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны осы кезеңде 10%-ға артып, 8,9 млн адамды құрады (2021 жылдың 6 айында – 8,1 млн адам).

Қазіргі уақытта ішкі авиарейстерді 5 отандық авиакомпания аптасына 687 рейс жиілігімен 57 маршрут бойынша орындайды.

Халықаралық ұшулар 28 елге аптасына 115 бағыт бойынша 518 рейс жиілігімен орындалады.