Аймақтар • 09 Тамыз, 2022

Үшарал әуежайы 11 тамызда іске қосылады

551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жасанды ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жүргізілгеннен кейін Үшарал әуежайына сертификаттық тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үшарал әуежайы 11 тамызда іске қосылады

«Бүгінгі күні негізгі жұмыс түрлері, оның ішінде ұшу-қону жолағын 2700 метрге дейін ұзарту және рульдеу жолын кеңейту аяқталды, Жетісу облысының әкімдігі мердігерлік ұйыммен бірлесіп жоба бойынша қалған жұмыстарды іске асыру бойынша шаралар қабылдауда», делінген Азаматтық авиация комитеті хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Үшарал әуежайына пайдалануға жарамдылық сертификаты берілді.

Бүгін әуе компаниялары Үшарал – Алматы және Үшарал – Нұр-Сұлтан субсидияланатын бағыттары бойынша авиабилеттердің сатылымын ашады.

Рейстерді SCAT авиакомпаниясы crj2 (50 орындық) әуе кемелерінде әр бағыт бойынша аптасына 14 рейс жиілігімен жазғы маусымда, қалған уақытта 7 рейс орындайды. Билет құны тиісінше 15 000 теңге және 16 000 теңге болады. Ұшулар 2022 жылдың 15 тамызынан басталады.

Сондай-ақ Үшарал-Талдықорған бағыты бойынша «Жетісу» авиакомпаниясы 11 тамыздан бастап жазғы маусымда 28 рейс жиілігімен, қалған кезеңде 14 рейс орындайды. Ұшулар L-410 (19 орындық) ұшағында орындалады. Билет бағасы - 8 000 теңге.