Тағайындау • 09 Тамыз, 2022

Жетісу облысының ТЖД басшысы тағайындалды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып полковник Бауыржан Ізбасаров тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысының ТЖД басшысы тағайындалды

ТЖД жаңа басшысын жеке құрамға Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков таныстырды.

Бауыржан Ізбасаров 1977 жылы 6 ақпанда Алматы облысы Күрті ауданында дүниеге келген.

2003 жылы М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша, 2007 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.

Құқық қорғау органдарында 2002 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істейді, қызметін Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бас басқармасының №2 өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт қадағалау инспекторы болып бастады.

Әр жылдары түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2021 жылдан бастап Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары болып қызметін атқарды.