Қоғам • 09 Тамыз, 2022

Ізгі істер іркілмейді

322 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық: еріктілер көмегі және жыл бойы пойызбен тегін жүру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Дәулетқалиқызы, «Ұлттық еріктілер желісі» қауымдастығының атқарушы директоры Татьяна Миронюк қатысты.

Ізгі істер іркілмейді

«Жеңіс» жобасы аясында 115 млн теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетіледі. Бұл туралы Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева мәлімдеді.

«2022-2023 жылдары волонтерлік рейдтер ұйымдастырылады, көмекке мұқтаж жалғызілікті қамкөңіл қарттарға дәрі-дәрмек, азық-түлік және басқа да тұрмысқа қажетті заттармен көмек беру жүйесі жүзеге асырылады. Сонымен қатар тұрмыстық техникаға, есту құралдарына зәрулік тәрізді ерекше қажеттіліктерге де назар аударылады. Жастар қариялардың үй-аулаларын тазалап, жөндеп, шай үстінде әңгіме-дүкен құрып, көңілін көтереді, жылу сыйлайды. Қарттар үйіне де бару жоспарланған», деді ол.

«Жеңіс» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруды жауапкершілігіне алып отырған Ұлттық волонтерлер желісі ҮЕҰ жыл соңына дейін кем дегенде 1 400 ардагер мен тыл еңбеккерін қамтуды көздеп отыр.

«Жоба 35 қалада волонтерлік қозға­лысты үйлестіру арқылы барлық елді ме­кенді қамтиды. Кемінде 500 ерік­ті осы іске жұмылдырылады. Жыл со­ңында жоба аясында ақкөңіл ниетімен қарияларға көмек беру жолында тегін қызмет атқарғаны үшін еріктілер ынталандырылады. Жоба қоғамда жастар мен балалардың бойында үлкендерге құрмет сезімін қалыптастырып, пат­риот­тық тәрбиеге үлес қосуға бағыт­талған. Айта кетейік, Қазақстанда 387 ҰОС қатысушы мен мүгедектігі бар адамдар тұрады. 2020-2021 жылдары 13 019 волонтерлік рейд жүргізілді, оған 650 ерікті атсалысты. Олардың аясында 3 355 қария қамтылды», деді А.Дәулетқалиқызы.

«Жеңіс» жобасы бойынша рейдтер саны жоспардан асып кетуі мүмкін. Ерік­ті­лер қосымша көмек көрсетуге ниетті. Аталған жоба мереке күндері емес, тұ­рақты негізде жүргізіледі. Бұл туралы «Ұлттық еріктілер желісі» қауым­дас­тығының атқарушы директоры Татьяна Миронюк хабарлады.

Оның айтуынша, рейдтер тек ардагерлерге барып, әңгіме-дүкен құ­ру­ға ғана емес, әртүрлі волонтерлік көмек көрсетуге де бағытталған.

«Көп жағдайда біз тұрмыстық көмек көрсетеміз, қыста көмір мен отын да­йындаймыз. Осы жыл волонтерлер үшін ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетуге тамаша мүмкіндік бе­реді деп ойлаймын. Біз қымбат дәрі-дәр­мекпен, төсек-орынмен, басқа да қажет­тіліктермен қолдауға тырысамыз. Әлеуметтік осал топтар – бұл 1 400 адам. Жалпы, 5 600 рейд өткізу жоспарланып отыр, бірақ одан артық болады деп ойлаймын, өйткені еріктілер ардагерлерге қо­сымша келіп, көмектескісі келеді», деді ол.

Айта кетейік, 2018 жылы жоба қа­ты­­су­шыларының арқасында Алматы облысында ғана 2 тонна өнім жиналды. Бұл – осындай көмектің нәтижесі.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20