Қазақстан • 10 Тамыз, 2022

Тұтынушы құқығын қорғайды

811 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институты құрылады. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында омбудсмен институтын енгізу – елдегі бизнесті ырықтандырудың белсенді саясатына, тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын және олардың өндіріп алынуын арттыруға ықпалын тигізеді.

Тұтынушы құқығын қорғайды

«Омбудсменнің міндеттері – тұ­тынушы құқықтарының туындаған мәселелері бойынша кәсіпкермен сотқа дейінгі реттеу, олай болмаған жағдайда сот органдарына тұты­ну­шылардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін талап-арыз­бен жүгіну. Сондай-ақ институт мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің салалық жобаларын әзірлеуге белсенді қатысады», деп ха­барлады ведомство.

Бұл шаруамен қатар институт азаматтардың сауатын ашу және құқықтық сауаттылығын арттырумен де белсенді айналыспақ.

2021 жылы жүргізілген әлеуметтік сауалдама нәтижелері бойынша 20 мың респондент (бұл барлық сұрал­ғандардың 55 пайызы) тұтыну­шылардың құқықтарын қорғау мә­селелері бойынша омбудсмен институтын құру бойынша оң пікірлерін білдірген.

«Тұтынушылардың өтініштерін қарау үшін қоғамдық институттар тұтынушылардың құқықтарын қор­ғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалана алады (e-tutynushy.kz). Ол үшін тұтынушы мен тұтыну­шы­лардың құқықтарын қорғау (ТҚҒ) қо­ғамдық институты тек тіркелу қа­жет. Тұтынушыға «бір терезе» қағидаты негізінде осы мәселе бойынша дә­лелді жауап алу үшін кәсіпкердің атына өз шағымын тегін және дереу жіберуге мүмкіндік беретін оның ерекшелігін атап өту маңызды», дейді министрлік өкіл­дері.